Тарату нүктелерінің саны мен конфигурациясын есептеу

Желіде клиент құрылғылары неғұрлым көп болса, тарату нүктелері да соғұрлым көп қажет болады. Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындауды өшірмеу ұсынылады. Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау қосылған кезде, егер клиент құрылғыларының саны айтарлықтай көп болса, Басқару сервері тарату нүктелерін тағайындайды және олардың конфигурациясын анықтайды.

Арнайы бөлінген тарату нүктелерін пайдалану

Егер сіз тарату нүктелері ретінде белгілі бір құрылғыларды (мысалы, бұл үшін бөлінген серверлер) пайдалануды жоспарласаңыз, онда тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындауды пайдаланбауға болады. Бұл жағдайда, тарату нүктелері ретінде тағайындағыңыз келетін құрылғыларда дискіде жеткілікті бос орын бар екеніне, олар үнемі өшірілмейтініне және "ұйқы режимі" өшірілгеніне көз жеткізіңіз.

Желілік құрылғылардың санына байланысты бір сегменті бар желідегі бірегей тағайындалған тарату нүктелерінің саны

Желі сегменттерінің әрқайсысындағы клиент құрылғыларының саны

Тарату нүктелерінің саны

300-нан кем

0 (тарату нүктелері керек емес)

300-ден артық

Қолайлы: (N/10 000 + 1), ұсынылады: (N/5000 + 2), мұндағы N желідегі құрылғылар саны

Желілік құрылғылардың санына байланысты бірнеше сегменті бар желідегі бірегей тағайындалған тарату нүктелерінің саны

Желі сегментіндегі клиент құрылғыларының саны

Тарату нүктелерінің саны

10-нан кем

0 (тарату нүктелері керек емес)

10–100

1

100-ден артық

Қолайлы: (N/10 000 + 1), ұсынылады: (N/5000 + 2), мұндағы N желідегі құрылғылар саны

Клиент құрылғыларын (жұмыс станцияларын) тарату нүктелері ретінде пайдалану

Егер сіз әдеттегі клиент құрылғысын (жұмыс станциясын) тарату нүктесі ретінде пайдалануды жоспарласаңыз, байланыс арналары мен Басқару серверіне шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілгендей тарату нүктесін тағайындау ұсынылады:

Желілік құрылғылардың санына байланысты желінің бір сегментін қамтитын желідегі тарату нүктелерінің рөлін атқаратын жұмыс станцияларының саны

Желі сегменттерінің әрқайсысындағы клиент құрылғыларының саны

Тарату нүктелерінің саны

300-нан кем

0 (тарату нүктелері керек емес)

300-ден артық

(N/300 +1), мұндағы N – желідегі құрылғылардың саны; кемінде 3 тарату нүктесі

Желілік құрылғылардың санына байланысты желінің бірнеше сегментін қамтитын желідегі тарату нүктелерінің рөлін атқаратын жұмыс станцияларының саны

Желі сегментіндегі клиент құрылғыларының саны

Тарату нүктелерінің саны

10-нан кем

0 (тарату нүктелері керек емес)

10–30

1

31–300

2

300-ден артық

(N/300 +1), мұндағы N – желідегі құрылғылардың саны; кемінде 3 тарату нүктесі

Егер тарату нүктесі өшірілген болса немесе басқа себептерге байланысты қолжетімді болмаса, онда басқарылатын құрылғылар жаңартулар алу үшін осы тарату нүктесінің әрекет ету ауқымынан Басқару серверіне жүгіне алады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Типтік конфигурация: қашықтағы көптеген шағын кеңселер

Басына оралу